Bugin

Алматыда мопед жүргізушісі балалар арбасын қағып кеткен: сәбидің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com 

Алматыда мопед жүргізушісі арбада отырған баланы қағып кетті. Оқиға салдарынан үш жасар қыз зардап шеккен. Дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 2020 жылы туған бала 1 қарашада Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген.

"Бала бас-ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Миы шайқалған. Сол жақ самай аймағы, сол жақ маңдай-жақ аймағы көгерген", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін мопед жүргізушісі балалар арбасына қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.