Bugin

Желіде ағайынды Назарбаевтардың аурухана алдына жиналған суреті тарады (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Фейсбук әлеуметтік желсінен алынды

Әлеуметтік желіде Назарбаевтар әулетінің ауруханаға жиналып, Болат Назарбаевқа қолдау көрсеткен сәтінен фото тарады. Бұл туралы жазушы Бейбіт Сапарәлі желідегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жазушының мәліметінше, суреттің қай жерде және қашан түсірілгені белгісіз. Бір қызығы, сурет Болат Назарбаевтың ауруханаға түскені туралы хабардан кейін тарап кеткен. Жазба бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға денсаулығы сыр беріп жатқан інісіне барған. Олардың қасында қаңтар оқиғасына қатысты тергеліп жатқан Әнипа апа мен немере інісі Самат Әбіш бар. 

“Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай” дегендейін, жаңа ай мен жаңа аптадан көп жақсылық, ырыс-береке күтейік! Сөйте тұра, өткен апта соңында ел ішін елең еткізген экс-президент отбасына байланысты шұғыл жағдайға орай өз жеке көзқарасымызды көпшілік оқырман назарына ұсынайық. Бізге жеткен сенімді ақпарат дерегі бойынша, 2023 жылғы қыркүйек айының басында Нұрсұлтан Әбішұлы Алматыға жеке жұмыстарымен келіп, бірнеше кездесу өткізіп, артынша туған ауылын, туып-өскен қара шаңырағын, Үшқоңыр жайлауын, ата-бабалар жерленген қорымын зиярат еткен екен. Шамалған-Үшқоңырдағы қара шаңырақ үйіне етжақын туыстарын жинап, көптен бері көріспеген іні-қарындас, келіндерімен бір дастархан басында сұхбат құрып, қордаланып қалған ішкі әулеттік мәселелер бойынша ашық пікір алмасқан. Ескертпе мен өкпе-реніштерін де жасырмаған. Басқосу соңында Әбіш әкелері бір ғасырдай уақыт бұрында аулаға өз қолымен еккен, қазіргі таңда есік алдында жайқалып өсіп тұрған зәулім емен ағашының жанында тұрып, Нұрағаңның мақұлдауымен барлығы естелікке суретке түскен”, - деп жазды ол.

Еске салайық, Кіші Назарбаев миокард инфарктісінің қайталануы мүмкін деген күдікпен кеше түнде Алматының Орталық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ал интернет қолданушылары өз дереккөздеріне сілтеме жасап, экс-президенттің інісінің жағдайын тұрақсыз деп бағаланып, өмір мен өлім алдында тұрғанын хабарлайды. 

Болат Назарбаев қайтыс болды, жасырын жерлеу рәсімі жоспарланған деген ақпараттар көптен бері айтылып келеді. Нақты ақпарат жоқ.