Bugin

Бокстан Еуропа чемпионы мас күйінде тапаншамен оқ атқан видео тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Бокстан Европа чемпионы Никита Ивановтың қару қолданған видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы мейрамханада өзге адамдармен жанжалдасып қалған. Кейін ол ашумен бірнеше рет оқ атқан.

"Замоскворечье ауданы бойынша ІІБ тергеушілері Мәскеу орталығындағы мекемелердің бірінде заңсыз әрекет жасағаны үшін Тамбов облысының 1986 жылы туған тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 213-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс (бұзақылық) бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", – дейді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк.

21 жастағы студент Олег Гусаревич оқиғаның мән-жайын айтты. Айтуынша, шабуыл жасаған адам мас болған.

"Мұрным үш жерімнен сынған, бет сүйегім шығып кеткен, бүйрегім зақымданған. Сол қолымның екі саусағы да жарақаттанған. Достарыммен сыртқа темекі шегуге шықтық. Бір-екі минуттан кейін ол артымыздан шықты. Қасымда тұрған досым екеумізді құшақтап алды. Мас адамның құшақтағаны жағымсыз болды. Ол темекі сұрады. Мен оған жауап ретінде оның қолын алуын өтіндім. Ол менің иығымнан қаққылай берді. 15-20 секундтай солай тұрды. Мен одан қоюын сұрағанымда, ол мені ұра бастады", – деді жігіт.

Кейін оқиғаның видеосында төбелестен кейін ер адамның травматикалық тапаншасын алып, атуға кіріскені түсіп қалған.