Bugin

12 қарашада Алматыда қандай көшелер жабылатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram.com/almatymarathon

Алматыда 12 қарашада марафонға байланысты қай көшелер жабылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімдігі 12 қарашада Алматыда "City Run 2023" қалалық жарысы өтетінін хабарлады. Осыған байланысты жарыс өтетін орындардағы жолдардағы көлік қозғалысы жартылай жабылады. Басталуы мен мәресі Төле би көшесіндегі Астана алаңында болады. Маршрут Наурызбай батыр, Шевченко, Бөгенбай батыр және Панфилов көшелерінің бойымен өтеді.

Жабылатын көшелердің схемасы

Жабылатын көшелердің схемасы
 

12 қарашада City Run марафонына байланысты таңертең бірнеше көшелер жабылады:

04:00-ден 11:00-ге дейін - Төле би (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін). Гоголь көшесінің бойымен шығысқа, Абай бойымен батысқа бағыт;
07:45-тен 09:40-қа дейін - Төле би (Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейін). Гоголь көшесінің бойымен шығысқа, батысқа Абай даңғылына дейін;
08:00-ден 09:30-ға дейін - Наурызбай батыр көшесі (Төле биден Шевченко көшесіне дейін). Сейфуллин даңғылы бойымен бағыт;
08:05-тен 09:20-ға дейін – Шевченко көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейін). Абай даңғылы бойымен бағыт;
08:15-тен 09:45-ке дейін - Панфилов көшесі (Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін). Назарбаев даңғылы бойымен бағыт;

08:15-тен 09:45-ке дейін – Бөгенбай батыр көшесі (Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін). Көше бойымен шығысқа қарай, Гоголь, Абай даңғылы бойымен батыс бағыт.
08:15-тен 09:45-ке дейін - Абылай хан даңғылы (Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін). Назарбаев пен Сейфуллин бойы жабылады.