Bugin

Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері көбейеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Sputnik / Максим Блинов

 

Алдағы жылы Air Astana әуе компаниясы Қытайдың Шанхай, Гуанчжоу және Чэнду қалаларына жаңа бағыттар ашады. Осылайша екі ел арасында рейстер саны артады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 қарашадан бастап екі ел арасында визасыз режим күшіне енді

"Осы ретте Қазақстанның көлік министрлігі отандық әуе компаниялармен бірлесіп жолаушылар тарапынан туындап отырған сұранысты қанағаттандыру мақсатында екі ел арасындағы рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр", - деп атап хабарлады.

Осылайша Air Astana жолаушылар ағынының артуына байланысты бірнеше бағыт бойынша рейстер санын ұлғайтуды жоспарлап отыр:

Алматы-Пекин бағытында – аптасына 6 рейстен 7 рейске дейін;

Астана-Пекин бағыты бойынша – аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін;

Алматы-Үрімші бағытында – аптасына 2 рейстен 7 рейске дейін.

Сондай-ақ 2024 жылы Air Astana әуе компаниясы Шанхай, Гуанчжоу және Чэнду қалаларына жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр.