Bugin

Талдықорған полициясының бастығы зорлаған қыздың адвокаты мән-жайды айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dycpoisk.ru

Талдықорған қалалық полиция департаментінің бастығы зорлады деген қыздың адвокаты оқиғаның мән-жайын айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды. 

Адвокат мәліметінше, қызды полиция бөліміне 12 қараша күні сағат 8:00-де тыныштықты бұзғаны үшін учаскелік полиция қызметкері әкелген.

"Бастық қызды тергеуші кабинетінде тергеп жатқанда көрген. Қол астындағыларға оны кеңсесіне әкелуге бұйрық берген. Менің клиентім оған не болғанын айта салысымен, оның әдемі қыз екенін айтып, оған жыныстық қатынасқа түсуді ұсыныпты. Ол істі жауып, оған қамқорлық жасайтынына уәде береді. Азаматша бас тартқан. Бұған қарамастан қалалық полиция басшысы оған шабуыл жасап, зорлаған", - деді жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев.

Оның айтуынша, қыз оған сағат 14:00 шамасында көмек сұрап жүгінген. Олар бірден Жетісу облыстық ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметіне, сондай-ақ облыстық прокуратураға арыз жазған.

Адвокат жәбірленушінің барлық қажетті сараптамалардан өткенін, полиция бөлімі бастығының кабинетінен заттай айғақтар –сперма, қыздың шашы мен төсеніші табылғанын айтты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі "Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Ескелді ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.