Bugin

Елімізде жаңа қала пайда болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматы облысына қарасты Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына ауыстырылмақ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

"Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға Алатау атауы берілсі"», - делінген ашық НҚА порталында жарияланған "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасында.

Осы жылдың 29 қарашасына дейін жария талқылауға шығарылып отырған аталған Жарлықты іске асыру жөніндегі қажетті шараларды Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

Жетіген — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Жетіген ауылдық округінің орталығы, темір жол стансасы.