Bugin

Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қазгидромет синоптиктері 18-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Алдағы күндері белсенді Солтүстік циклонының әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын жауады.

18 қарашада — солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада — еліміздің шығысында қатты жауын-шашын жауады. Жаңбырдың соңы қарға ұласады.

19-20 қарашада еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ және бұрқасын болады.

20 қарашаға қарай солтүстік-батыс антициклонына байланысты суық ауа массалары келеді.

Бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі.

Мәселен, солтүстік-батыста түнгі уақытта 3-13 градусқа дейін аяз, күндіз 7 аяз — 5 жылы, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 8-16 аяз, күндіз 2-10 аязға дейін төмендейді.