Bugin

Денис Теннің ескерткішін бұзақы ойрандап кетті (ФОТО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан скриншот

Алматыда спорт шебері Денис Теннің ескерткішін бұзақы ойрандап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qazaqstan.tv - ге сілтеме жасап.

Ол ескерткіштің қабырғасына жазба қалдырған. Сондай-ақ өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазыпты.

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, - делінген Qazaqstan.tv ақпаратында.

Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам, психоневрологиялық есепте тұрады.