Bugin

Жол апаты салдарынан мопед өртеніп, жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде отқа оранған мопедтің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz поталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Алматыда Шығыс айналма тас жол бойында орын алғаны да айтылады.

Полиция аталған видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Мопед жүргізушісі Шығыс айналма тас жолы бойымен солтүстік бағытта келе жатып, жолды бөліп тұрған цемент қабырғаға соғылған, сондай-ақ ол екі көлікпен соқтығысты. Апат салдарынан мопед отқа оранған", - деп атап өтті қалалық ПД.

Полиция мопед жүргізушісінің оқиға орнынан қашып кеткенін нақтылайды.