Bugin

50 Cent концертіне жалған билет сатқан жігіт екі жылға сотталуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz

Алматы полицейлері концерттік билеттерді сатуға қатысты алаяқтықты әшкереледі, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтықты билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамылып, азаматтарды алдаған 18 жастағы Л.есімді азамат жүзеге асырған. 

Оның үстіне ол онлайн жұмыс істеп,  билеттерге тапсырысты Instagram арқылы қабылдаған. Ал әлеуметтік желіде жарнамалау үшін SMM менеджерін жалдаған. Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті ұсталды.

"Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арызы негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.

Басқа  құрбандарды анықтау үшін тергеу шаралары жалғасып жатыр. Егер қылмыс дәлелденетін болса, күдіктіні екі жылға соттауы мүмкін.