Bugin

Алматыда жаяу жүргіншілер жолында әйелді көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әлеуметтік желілерде Жароков пен Сәтбаев көшелері қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде екі көлік соқтығысып, бір адамды қағып кеткені түсірілген видео пайда болды.

Алматы полициясы жол апатының 29 қарашада сағат 08:30-да Алматының Бостандық ауданында болғанын хабарлады.

"Hyundai Creta және Mercedes көліктері Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Жароков көшесіне қарай, солға бұрылатын сәтте Hyundai Mercedes-ті артынан соғады. Ал Mercedes инерциямен жаяу жүргіншіні – 1954 жылы туған әйелді қаққан. Ол ауруханалардың біріне жеткізілген", - деп хабарлады полициядағылар.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздвр.