Bugin

Хостелдегі өрттен 13 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru/

Алматыда өрт кезінде көмірқышқыл газынан 13 адам қаза тапты, деп Төтенше жағдайлар департаменті ақпарат таратты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

30 қарашада сағат 05:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны туралы хабар түсті.

Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минутта жетті. Келген уақытта 3 қабатты тұрғын үйдің 1-қабаты мен хостелге  айналдырылған жертөлесінде өрт шыққан. Өрттің жалпы ауданы болжам бойынша 30 шаршы метрді құрайды.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 06:22-де сөндірілді. Барлау және өртті сөндіру барысында алдын ала 13 зардап шеккен адам анықталды. Олардың жеке басы тексеріліп жатыр. Болжам бойынша, олар көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған.

Хостелде 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланған.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды. Өрт пен қазаның себебі анықталып жатыр.