Bugin

Атырау – Ақтөбе тас жолында болған апаттан үш адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Атырау – Ақтөбе тас жолында болған апаттан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 30 қарашада сағат 22:45 шамасында Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 424-шақырымында бойында Ваз 2114 автокөлігінің 1966 жылы туған жүргізушісі 1991 жылы туған азамат мінген Iveco жүк көлігімен соқтығысты.

Салдарынан Ваз 2114 автокөлігінің 1966 жылы туған жүргізушісі және екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Полиция қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталып жатқанын хабарлады.