Bugin

Астанада аты шулы кәсіпкердің моншасы өртенді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Астанада аты шулы кәсіпкердің моншасы өртенді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ағаштан жасалған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры жанған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Алдын ала мәлімет бойынша өрт "Орловские бани" моншасының 150 шаршы метрін шарпыған. Өрт сағат 22:06-да сөндірілді. 14 қызметкер мен 3 бірлік техника шықты", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.