Bugin

Астролог желтоқсан айында қандай адамдардың мансабы өсетінін айтты

Жылдың соңғы айы бірнеше жұлдызнама белгілеріне мансаптық жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді, дейді танымал астролог Василиса Володина. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұлдызнамада бикеш белгісіндегілерге кәсіби салада керемет мүмкіндіктер пайда болады. Астролог бикештерге қызықты әрі пайдалы жұмыс істеуге ұсыныс түсетінін айтты. Маман сол арқылы бикештердің мансабы өседі немесе мол қаражатқа ие болатынын жеткізді.

"Тауешкілердің де кәсіби шеберлігін көрсетуге мүмкіндік туындайды. Астролог бұл жұлдыз белгісіндегілер желтоқсан айында жігерлі болуға тырысуы керек екенін айтты. Тың идеяға бай жоба бастап, алдына қойған жоспарларын орындауға бар күшін сарп еткені жөн. Маман мансаптық өсуге әсер ететін факторларды ескеріп, жұмысыңызда ол нәрселерді жүзеге асыруға тырысыңыз", - деп кеңес береді. 

Астролог балықтар үшін кәсіби саладағы табыс олардың командада жұмыс істеу қабілетіне тікелей байланысты екенін айтты. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com