Bugin

Қазақстандықтарды 56 млн теңге қарызға батырған әйелге қандай жаза берілді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz

34 жастағы шымкенттік тұрғынға алданғандардың көпшілігі Жамбыл мен Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғандары, деп хабарлайды, Bugin.kz порталы Kazinform- ға сілтеме жасап. 

Ол 53 адамды 56 млн теңге қарызға батырған.

Күдікті жәбірленушілерді электроника дүкенінен тауарлық несие алуға көндірген. Тіпті, қарызды төлемеуге болатынын айтып, бұл сауда нүктелері жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен жабылады деп сендірген. Содан несиеге рәсімделген электрониканы жарты сомасына сатып алып отырған.

Көпшілік алаяққа алданғанын ай сайынғы төлем туралы ескерту-хабарлама түскен кезде бір-ақ білген.

“Аталған жайт бойынша полицейлер қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Ұсталған азаматшаның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинап, тергеушілер қылмыстық істі сотқа жіберді. Сот үкімімен сотталушыға 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.