Bugin

Мұғалім оқулықтарды еденге лақтырған: тың деректер айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы колледждердің бірінде мұғалімнің түсініксіз әрекеті видеоға түсіп қалған болатын. Оның мінез-құлқын әріптестері де айыптады,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұғалім тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы Павлодар облысының Білім басқармасынан хабарлады.

"Колледжде болған оқиғаның нәтижелері бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, онда ағылшын тілі мұғалімі М. - ның біржақты баға қою фактісі расталды. "Педагог мәртебесі туралы" Заңға сәйкес педагогикалық әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және еңбек заңнамасына сәйкес педагогтің тәртіптік жауапкершілігіне әкеп соғады. Осыған байланысты педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қатаң сөгіс жариялау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.