Bugin

Жас жігіт 10 жасар қызды азғырмақшы болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жас жігіт 10 жасар қызды азғырмақшы болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 10 жасар қызға WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазған 19 жастағы жігіт ұсталды.

Күдіктінің іс-әрекеті бойынша тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

8 желтоқсанда полицияға әйел өзінің 10 жасар қызына белгісіз адам WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазады деген мәлімдеме жасаған. Әйел хабарлама жазған адаммен қызының ұялы телефонынан сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған. Ер адам белгіленген жерге көлікпен келгенде видеоға түсіріп, сол арқылы полицияға жүгінген. 

"Полиция 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді"-делінген баспасөз мәліметінде.