Bugin

"ҚазАвтоЖол" компаниясына жаңа төраға сайланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

Дархан Иманашев "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

 

Дархан Иманашев 1983 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 

Жол қозғалысы инженері мамандығы бойынша Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және құқықтану мамандығын "Болашақ" Қарағанды актуальді білім институтында тәмәмдаған. 

Техника ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды қаласында жол шеберінен бастаған. 

"Қазавтожол" РМК, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде әртүрлі қызметтерді атқарған. Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары және жеке бизнесте жұмыс істеген.