Bugin

14 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғыь14 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды, хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді, негізінен жауын-шашынсыз, аяз болады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұрқасын соғады. Атыраудың оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облыстарының шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі", – дейді синоптиктер.

Түнде солтүстікте, Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында -33, -38°С аяз болады, орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында аяз -31, -36°С шамасында болады.

Түркістан және солтүстік-шығыс Жамбыл облыстарының таулы асуларында синоптиктердің болжауынша, желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.