Bugin

2,5 пайыздық несиені алу үшін не істеу керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге беріледі, деп хабарлайды, Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап. 

Несие 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі.

Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

"Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Ағымдағы жылдың 4-қыркүйегінен бастап жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру үшін қабылданатын кепілді мүлік түрлерінің тізбесі кеңейтілген", - деп жазды ведомстводан.