Bugin

Жұлдыз жорамал: 2024 жылы кімдер табысқа кенеледі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: topnews.ru

2024 жылы қай жұлдызнама белгісі сәттілік әкеледі? Кімнің махаббатта жолы болады? Кімді үлкен өзгерістер күтіп тұр? Бұл туралы Bugin.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыз.

Тоқты (21 наурыз-20 сәуір)

Тоқты белгісінде туғандар жаңа жылда көптеген жағымды оқиға мен өзгерісті бастан кешеді. 

Тоқтылар үшін 2024 жылға арналған кеңестер:

Өзіңізді дамытуға назар аударыңыз, сізде бұған жеткілікті күш, уақыт және мүмкіндіктер болады.

Бір жерде қалмаңыз, қызығушылығыңызды үнемі өзгертіңіз. Әртүрлі адаммен сөйлесіңіз.

Сүйікті адамыңызға сезіміңізді білдіріңіз, ол оған жылы жауап қайтарады.

Тоқты жаңа жылда эйфорияда болады, санасы үнемі жаңа идеяларға бай болады. Сондықтан сәттілікті жіберіп алмаңыз!

Торпақ (21 сәуір-21 мамыр)

Торпақ – кез келген тапсырманы орындауға қабілетті жұлдызнама иесі. Торпақтар биыл табандылық таныта отырып, барлық арманын орындай алады. Бұл белгінің иелері өз мақсатына жету жолындағы кедергілерді оңай жеңеді.

2024 жылы торпақтарды не күтіп тұр?

Сіздің барлық жоспарларыңыз орындалады. Табысты жұмыс та алдыңыздан шығады. Алдағы бір жылда сіз қаржылық жағдайыңызды айтарлықтай жақсартасыз. Отбасы мүшелері сіздің барлық бастамаңызға сөзбен де, іспен де қолдау көрсетеді. Торпақтар өз беделін нығайтады, ал сәттілік оның жағында болады. Кедергілерден сәтті өтіп, жылды тамаша көңіл күйде аяқтайды.

Егіздер (22 мамыр-21 маусым)

Егіздер, позитивті күйіңізді сақтасаңыз, табысқа оңай жете аласыз. Өмірдің ең қиын кезеңдерінде де бұл белгінің өкілдері оптимизмге ұмтылады. Бұл позиция – өте дұрыс ұстаным. Сондықтан сіздің міндетіңіз – жыл  бойына жақсы көңіл күйді сақтау.

Астрологтар егіздерге 2024 жылға мынадай кеңес береді:

Жылдың ортасында келеңсіз оқиғалар болуы мүмкін. Бірақ сіз ақылмен дұрыс шешім таңдасаңыз, ол жағдаяттардың өзі сізге пайда алып келеді. Егер сіз сынақтың жағымды жақтарын көруге тырыссаңыз, өмірдегі қиын жағдайларды оңай жеңуге болады. Жыл соңына қарай сәттілік сізге серік болады. 2024 жылды әдемі аяқтай аласыз.

Егіздер – күйзелістен қорықпайтын, кез келген ситуацияда өзін ұстай алатын жұлдыз белгісі. Олар ешқашан жалғыз қалмайды.

Шаян (22 маусым-23 шілде)

Шаяндар, өз бетіңізбен жұмыс істеу сізге сәттілік әкеледі. Күдік – бұл өмірді әлдеқайда қызықсыз ететін қасиеттер. Егер шаяндар осы сипаттағы қасиеттерден арыла алса, жеке өмірінде де, мансабында да нағыз жеңіс күтіп тұр.

Астрологтар 2024 жылы шаяндарға мынадай кеңес береді:

Өзіңіз жақсы білмейтін адамдарға аса сақтықпен қараңыз. Құпияларыңызды оларға айтпауға тырысыңыз. Алаяқтардан сақ болыңыз. Олар сізді келеңсіздікке тап қылуы мүмкін. Саяхатқа шығыңыз, басқа  елде өзіңіздің күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді сезінесіз.

Арыстан (24 шілде-23 тамыз)

Жаңа жылда арыстандардың кез келген бастамада жолы болады. Алғашқы айларда сіз кез келген тапсырманы орындауға қабілетті екеніңізді сезінесіз. Өзіңіздің алғашқы жетістіктеріңізге таң қалмауыңыз керек. Себебі қалай еңбек етсеңіз, соған лайық жетістікке жетесіз.

Арыстандар 2024 жылы нені есте сақтауы керек?

Жұмысыңызда тұрақты жеңістер болады. Айналаңыздағы адамдар сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен рухани қасиетіңізді бағалай отырып, сізге ілтипат пен құрмет көрсете бастайды.

Егер басқа адамдардың жетістігін мақтай бастасаңыз, онда өзіңіздің жетістігіңіз азаюы мүмкін. Бар назарыңыз өзіңіз бен өміріңізге бағытталсын!

Бикеш (24 тамыз-23 қыркүйек)

Бикештер, жұмысқа көңіл бөліңіз. Жаңа жылда қызметіңізде бұрын-соңды болмаған сәттілік болады. Бикештер мансап сатысында көтеріледі. Бонустар, ынталандырулар мен сыйлықтар аласыз.

Сәттілік сақтау үшін бикешке мына кеңестер ұсынылады:

Жанжал мен өсектен аулақ болыңыз. Кездесулер мен талқылауларға белсенді қатысыңыз. Өз қабілеттеріңізге сенімді болыңыз. Мақсатыңыздың барлығы дерлік орындалады. Бикештер күздің аяғына дейін жұмыс орнында сәттілікке ие болады.

Таразы (24 қыркүйек-23 қазан)

Таразыларда тәртіп пен табыс қатар жүреді. Таразылар – тосын шешімдер қабылдаудың шебері. Биыл сіздерге ескі мәселелеріңізді шешуге қолайлы жыл. Жеке өміріңізде ушыққан жағдайды реттеңіз.

2024 жылы таразыларды не күтіп тұр?

Жақын адамдармен тұрақты қарым-қатынас сізге қажетті тәжірибе алуға көмектеседі.

Маңызды мәселелерді кейінге қалдырмауға тырысыңыз. Жылдың соңына қарай сіз шаршағаныңызды сезесіз. Дегенмен жыл соңы демалуға ең қолайлы уақыт болады. Қазан айында сізді мол табыс пен қуанышқа толы сәттер күтеді.

Сарышаян (24 қазан-22 қараша)

Сарышаяндар үшін жаңа жыл – жаңа талант ашып, өзін-өзі дамытуға қолайлы уақыт. 2024 жылы бұл белгінің иелері өзін жаңа қырынан көрсете алады.

Сарышаяндар үшін 2024 жылы:

Өз шығармашылығыңызбен айналысыңыз. Бұл салада сіз міндетті түрде жетістікке жетесіз. Бәс тігуге немесе құмар ойын ойнауға тәуекел етпеңіз. Бір сәтте үлкен дүниеңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін. Жақын адамдарыңыздың игілігі үшін бәрін жасаңыз.

Жақсы жаңалықтар өміріңізде жиі болады. Сарышаяндардың басты міндеті – мақтану емес, барлық сыйды ризашылықпен қабылдау.

Мерген (23 қараша-21 желтоқсан)

Алдағы жылы жұлдыздар мергендердің мансабына емес, жеке бақытына көңіл бөлуге кеңес береді. Егер сіз қаржы жағынан иналып жүрсеңіз де, сіз оларға назар аудармауыңыз керек. Махаббат пен отбасылық өмірдегі тағдыр сыйын бағалауға тырысыңыз.

Мергендер үшін 2024 жылға арналған ұсыныстар:

Белгінің иелері шынайы махаббатты кездестіруі мүмкін. Ескі мәселелерді отбасымен шешуге тырысатындар барлық процесті сәтті аяқтап, еркіндікке ие болады.

Мергендер өзін бір қалыпта ұстай алса, жеке өмірінде ғана емес, жұмысында да сәттілік серігі болады.

Тауешкі (22 желтоқсан-20 қаңтар)

Тауешкі қаржы және мансап тұрғысынан табысқа ие болады. Әмияныңызда қомақты қаржы болады, оны өз қалауыңызша жарата аласыз. Егер сіз ақшаңызды бизнеске немесе кіріс әкелетін активтерге салуды шешсеңіз, 2024 жылы көптеген жағымды жаңалық болуы мүмкін. Жылдың екінші жартысында өміріңіз одан әрі жақсара түседі.

Астрологтардың тауешкілерге кеңесі:

Болашақ туралы ұмытпаңыз. Инвестиция немесе жинақ үшін қаражат бөліңіз. Мансапта өсуіңізге көңіл бөліңіз. Қосымша табысыңызды арттырыңыз. Сәттілік жылдың ортасында азаюы мүмкін. Бірақ ол уақытша екенін ұмытпаңыз.

Суқұйғыш (21 қаңтар-19 ақпан)

Суқұйғыштың өмірінде жағымды жаңалық молынан болады. Олар 2024 жылы нағыз бақытқа кенеледі. Өйткені суқұйғыштар көп шығын шығармай-ақ, бәрін ретке келтіре алады. Бұл белгінің иелері шығармашылықпен айналысып, жанжалдардан аулақ болғаны жөн.

Астрологтардың  суқұйғыштарға кеңесі:

Жеке өміріңіздегі мәселелер шешімін табады. Туыстарыңыз және достарыңыз қаржы жағынан мәселелеріңізді шешуге көмектеседі. Шығармашылық мансапта  өсудің жаңа деңгейін ашатын нақты табыс көзіне айналады.

Суқұйғыштар өзгерістерге қарсы тұрмай, жаңалықтарды оңынан қабылдаса, өмірін жақсы жаққа өзгерте алады.

Балықтар (20 ақпан-20 наурыз)

Балықтар бұл жылы тәртіпке бағынып, парасаттылық танытып, жылды жақсы өткере алады. Әрбір шешімді әбден талдап қабылдаған дұрыс. Жылдың соңында атқарылған жұмыстар туралы есеп беруіңіз мүмкін. Сондықтан бұл шараға алдын ала дайындалыңыз.

Басқалармен көбірек қарым-қатынаста болыңыз. Қуанышыңызды бөлісе алатын достарыңыздан айырылмаңыз.