Bugin

Ақтауда жоғалған қыз бала 1 аптадан бері табылмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Lider.kz

Ақтауда бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы Ақниет Балқан іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтауда бірнеше бала жоғалып кеткен. Қазір олар іздестіріліп жатыр. Кеше 11 жастағы тағы бір бала аман табылып, ата-анасына табысталды.

"2007 жылы 12 ақпанда туған Ақниет Балқан №27-52 үйден шығып кеткен. Ол 10 желтоқсаннан бері хабарсыз, содан бері оның қайда екені белгісіз. Ерекше белгілері: бойы 160 см, орта денелі, шашы қара. Ақниет Балқанның қайда екені туралы білетіндер мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: +77009117292 немесе 102",-делінген хабарламада.