Bugin

Қарқаралыда адамдарға қасқыр шапты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: NUR.KZ

Қарқаралы қаласында қасқырдың адамдарға шапқаны туралы деректер желіде пайда болды. Таңертеңгі уақытта қасқыр жаяу жүргіншілерге шабуылдаған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Вечерняя Караганда" Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, орталық облыстық ауруханаға қасқыр жарақаттаған 3 адам түскен.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті:

"Полиция ветеринария органдарымен бірлесіп, жабайы жануарды жою шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады.

Тұрғындардың бірі қаңғыбас иттердің арасында тұрған қасқырды видеоға түсіріп үлгерген. Қарқаралылықтар 21 желтоқсанда балаларын мектепке жіберуден бас тартты.

Оқиғаның видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.