Bugin

Түркістан облысында жүргізуші мемлекетке 27 млн теңге айыппұл төлейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында 27 млн теңге берешегі бар жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, патрульдік полиция қызметкерлеріне “Қорғау” қосымшасы арқылы төленбеген қарызы бар 47 жас шамасындағы автокөлік жүргізушісі туралы хабарлама келген. Айыпталушы Түркістан қаласының тұрғыны. Toyota Сamry 55 автокөлік иесінің 27 миллион теңгеден астам қарызы бар екені анықталды. Жүргізушінің көлігі айыптұраққа орналастырылды. 

"Полицейлер тарапынан жүргізушіге берешек пен салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттігі туралы ескертілді"-делінген хабарламада.