Спорт

Камп Ноу "Реал" жанкүйерлеріне 500-ақ орын бөлген

Ойынды 98 000 адам алаңнан көреді

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

11 жылдан кейін Месси мен Роналдусыз футбол тарихындағы «Эль-Класико» өтеді.

 

Мадридтік «Реал» командасы алғашы рет Криштиану Роналдусыз және жаңа бапкерлері Лопетегимен берілмес қарсыластары «Барселонға» қарсы ойын көрсетеді. Ең қызығы Лионель Месси де алаңға шықпайды. Севильямен болған ойында қолын сындырып алған әлемнің үздік ойыншысы Месси командасына тек жанкүйер болатын болады.

Италияның «Ювентус» клубына ауысып кеткен Роналдудың бағы күннен күнге жанбаса, оған айтылып жатқан сын аз. Себебі Ювентусқа Криштиану ауысып келгелі әлі бір рет те жеңіліп көрген жоқ. Ойын тізгінін қолына ала бастаған Роналду кеше ғана «Эмполиға» 2 гол салып өзінің сұр мерген екенін тағы да дәлелдеді.

Mundo Deportivo берген ақпаратқа көзіне сүйенсек, Камп Ноуда өтетін ойынға 98 000 (тоқсан сегіз мың) жанкүйер қатысады. Алайда, Барселона «Рела» жанкүйерлеріне тек 580 орын ғана бөлген.

Айта кету керек, Роналду «Реал» сапынан кеткелі команда бірнеше ойын тең ойнап бірнеше ойын қатарынан жеңілген болатын. Жанкүйерлердің көңілінен шығуға тырысып жатқан клубтың бүгінгі ойыны туралы Антуан Гризманның өзі: «Барселона Реалды Мессисіз де жеңе алады»,-дейді.

Ал Барселонаның үздік ойыншыларының бірі Л.Суарес: «Барселонаның «Эль-Класиконы» жеңетін кезі келді» деп сұқбат берді.

Әлем жанкүйерлері мен сарапшылардың дені Реалдың соңғы ойындарына қарап отырып, Барселонаның 2-0 есебімен немесе одан да көп гол айырмашылығымен жеңуі мүмкін деген болжам айтады.

Қазақстандық жанкүйерлер «Эль-Класиконы» Астана уақытымен 21:15-те көре алады.