Bugin

Атырауда 5 сағат бұрын полицейден ескерту алған жүргізуші адам өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Атыраулық жүргізуші күндіз көлік жылдамдығын асырғаны үшін полицейден ескерту алған, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Жүргізуші 5 сағат өткеннен соң жол апатына ұшырап, өзге жүргізушінің көз жұмуына себепкер болған. Оқиға 22 желтоқсанда болған.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше екінші жүргізуші оқиға орынында қаза тапқан.

"Жергілікті уақытпен сағат 20:00 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей федерациясының шекарасы (Астрахан бағыты) тас жолының 513-514 шақырымы аралығында Toyota Avalon және ВАЗ-2114 автокөліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің 1988 жылғы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.