Bugin

Табиғат апатынан 35 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Үндістанда табиғат апатынан 35 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

 

Осы аптада Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында болған су тасқыны мен нөсер жаңбыр салдарынан 35 адам мерт болды.

Қатты жауын-шашын бірнеше округке жауған. Салдарынан ойпаң жерлерді су басып, автокөлік және теміржол қатынасын бұзды.

Штаттың бас хатшысы Шив Дас Минаның хабарлауынша, жалпы 35 адамның қаза тапқаны белгілі болған. Ол қазір зардап шеккен аудандардағы құтқару операциясы аяқталғанын және негізгі қызметтерді қалпына келтіруге баса назар аударылып жатқанын атап өтті.

"175-ке жуық елді мекенде автожолдар зақымдалды, оның 140-ында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қалғанында жөндеу әлі жалғасып жатыр. Басқа қызметтер, мәселен, сумен қамтамасыз ету де қалпына келтірілуде. Су беру жүйесі толық бұзылған жерлерге суды цистернамен жеткізуді ұйымдастырдық", - деді шенеунік.