Bugin

Түркістан қаласы түркі мемлекеттерінің туристік астанасы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласына ресми түрде  Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атағы берілді.  Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев:

"Қазан айында Түркістанда өткен Түркі Мемлекеттері ұйымы елдеріндегі туризм мәселелеріне жауапты министрлердің VIII отырысында Түркістан – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атанды. Бүгінгі салтанатты жиынға осы мәртебені Шамахидан Түркістанға қабылдап алуға келіп отырмыз. Біз үшін тарихи әрі қуанышты сәт. Бұл шешім – түркітілдес елдердің туризм бағытындағы қарым-қатынасын нығайтуға айрықша серпін береді. Түркістан облысында тарихи-танымдық туризмінен бөлек, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм бағытымен сіздерді танысуға шақырамыз. Тарихтан келешекке бағыт алған Түркістанда, яғни Атажұртта асыға күтеміз!" – деді.

Айта кетейік, Әзербайжанның Шамахи қаласы Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) тарапынан 2023 жылы түркі әлемінің туризм астанасы болып, көптеген игі бастамаларды жүзеге асырды. 2024 жыл бұл мәртебенің Түркістан қаласына берілді.