Bugin

2023 жылдың үздік футболшысы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы 2023 жылдың үздік футболшысы атағына дауыс беру нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тізімде 208 ұпаймен Норвегия құрамасы мен "Манчестер Сити" командасының шабуылшысы Эрлинг Холанд бірінші орынға жайғасты.

Кейінгі орындарды Килиан Мбаппе (Франция, ПСЖ), Лионель Месси (Аргентина, "Интер Майами"), Родри (Испания, "Манчестер Сити"), Джуд Беллингем (Англия, "Реал Мадрид"), Кевин де Брюйне (Бельгия, "Манчестер Сити"), Гарри Кейн (Англия, "Бавария"), Бернардо Сильва (Португалия, "Манчестер Сити"), Винисиус Жуниор (Бразилия, "Реал Мадрид"), Лаутаро Мартинес (Аргентина, "Интер") келеді.

Федерация аталған атақты 1988 жылдан бері тағайындап келеді. Алғашқы жылы оған нидерландтық Марко Ван Бастен лайықты деп танылды.