Bugin

Астанада жаңажылдық отшашу қай жерде болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Астанада қаласында  Жаңа жыл қарсаңында мерекелік отшашу болады. Ақпаратты Астана әкімдігінің баспасөз қызметі растады,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Астанада Жаңа жыл қарсаңында демеушілік қаражатқа ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады. Отшашу алдында, сағат 00:00-де Қазақстан Әнұраны ойналады. Одан кейін екі жерде: Ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақта 1 мыңға жуық отшашу атылады", - деп хабарлады әкімдік.

Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді. 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, "Қазақ елі" монументі аумағында және EXPO алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Жаңа жыл түні" атты жаңа жылдық мерекелік концерт өтеді.