Bugin

Ер адам жаңа жылға 3 сағат қалғанда қайтыс болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Otyrar.kz

Шымкентте 2023 жылдың соңғы сағаттарында қайғылы оқиға болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылар 31 желтоқсан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында 112-ші кварталдағы жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіруге барған.  Деген мен олар өртті сөндіргенде, 1970 жылы туған ер адамның денесін тапты.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы сағат 21:02-де жетті.

Анықталғандай, дәліздегі үйде қолдан жасалған газ қазандық пеші орналасқан.

Белгісіз себептермен пеш жанындағы ағаш еден мен ішкі есік өртенген. Сонымен қатар, оттықтың төменгі жағындағы шланг күйіп кеткен.

Үй иесі де әртүрлі дәрежедегі күйік алған.