Bugin

Жаңа жыл мерекесінде жол апатынан қанша адам қаза тапқаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа жыл мерекесінде жол апатынан 15 қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылдың 30 желтоқсаны мен 2024 жылдың 2 қаңтары аралығында жол-көлік оқиғасынан қанша адам зардап шеккенін айтты.

30 желтоқсан - 2 қаңтар күндері 21 жол-көлік оқиғасы тіркелген және 125 адам зардап шеккен. Сонымен бірге, 10 ересек және 5 бала қаза тапқан.

Еліміздің 6 өңірінде жол апаты жиі байқалған. Қостанай, Қарағанды қалаларында жол апаты бойынша шақыртулар көп болған. 

Солтүстік Қазақстан облысында – 3 жол апаты тіркеліп, 7 адам зардап шеккен, 1 бала қаза тапқан. Шығыс Қазақстан облысында – 1 шақырту түскен, 8 адам зардап шеккен, 4 бала қайтыс болған. Павлодар облысында – 1 шақырту, зардап шеккен 3 адам тіркелген.