Bugin

Астанада ер адам сүйіктісінің үйін тонап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада ер адам сүйіктісінің үйін тонап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 45 жастағы Астана тұрғыны пәтерінен жалпы құны 230 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарының ұрланғаны туралы полицияға шағымданған.

Күдікті қыздың сеніміне кіріп, ата-анасы жоқ кезде ол пәтерге келген. Сөйтіп кездесулердің бірінде ер адам сүйіктісінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, қораптағы әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен.
 

"Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр"- делінген хабарламада.