Bugin

Килиан Мбаппе "Реал Мадрид" сапында ойнамақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Panoramic/Keystone Press Agency/Global Look Press

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе мадридтік "Реалмен" келісімшартқа отырды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Foot Mercato-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, 25 жастағы француз шабуылшысы бірнеше күн бұрын мадридтік клубпен келісімге келіп, 2024 жылдың жазында "Реалға" ауысады.

Естеріңізге сала кетейік, Мбаппенің ПСЖ-мен келісімшарты келесі жазда аяқталады. Ойыншы жазда кез келген басқа клубқа тегін ауыса алады.