Спорт

Әйгілі қақпашы Оливер Кан «Баварияны» басқаруы мүмкін

Атақты қақпашы Оливер Кан есіңізде ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мюнхендік«Баварияның» басқарма төрағасы Карл-Хайнц Румменигге келісім-шарты аяқталысымен клубтан кетуге ниетті екенін мәлімдеді.

«Иә, 2021 жылы менің жұмысымның мерзімі 20 жылға толған кезде мен клубтан кетемін. Бұл жұмысты аяқтау үшін жақсы уақыт деп ойлаймын. Менің орнымды Оливер Кан басады деп ойлаймыз. Әрине, ол клубтағы жұмысына қазірден бастап кірісуі керек. Ол бейімделіп, жұмыс ағымына үйренуі тиіс. Мен Олидің менің жұмысымды тиянақты орындайтынына сенімдімін», – деген Румменигге сөзін Kicker жеткізеді.

Атақты қақпашы Оливер Кан мюнхендік клуб сапында 1994 жылдан 2008 жылға дейін ойнап, «Бавариямен» бірге 22 жүлдені ұтып алған.