Bugin

"Үйімде бассейн бар сияқты": павлодарлық тұрғын түсініксіз жайт туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Павлодарлық тұрғын су ақысының тым қымбат төлем сұрайтынына шағымданды. Тұрғын төлемді ұялы телефондағы Kaspi қосымшасы арқылы төлеген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол әлеуметтік желіде су ақысына 79 мың 809 теңге төлегенін жазған. 

"Мен үнемі су ақысын төлеп, көрсеткіштерді беріп отырамын. Ал осы жолы су ақысына есеп келгенде таң қалдым. Тіпті, үйімде құдды бассейн бар сияқты", – дейді ер адам әлеуметтік желіде. 

Ал "Павлодар-Водоканал" ЖШС-нің өзі Kaspi Bank-тегі техникалық ақауларға байланысты павлодарлықтар төлем туралы қате хабарламалар алуы мүмкін екенін хабарлады.