Bugin

"Шашын тақырлап, зорлаған": талдықорғандық қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Талдықорған қаласында екі ай бұрын жоғалған Карина Дарохинаның мүрдесі бірнеше күн бұрын Текелі тауларынан табылды. Кеше жасөспірім қыздың өліміне қатысты тың деректер пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сараптамашының болжамы бойынша, Каринаны арқанмен буындырып өлтірген. Оған дейін қыздың шашын тақырлап алып тастағаны да белгілі болды. Ең сорақысы, сараптама оқушының жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын да анықтаған.

"Оқушы қыздың мәйітіне жасалған сараптаманың алғашқы нәтижесі бойынша оны буындырып өлтірген деген қорытынды жасалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің бұған дейін сексуалдық қарым-қатынаста болғаны және шашын тақырлап алып тастағаны анықталды," - деп хабарлады жергілікті полициядағы ақпарат көзі.

Қазір полиция қылмысқа күдікті ретінде ұсталған өгей әкені зорлауға қатысты қайта тексеруді бастады. Сондай-ақ оның отбасындағы басқа да балалары тиісті тексеруден өткізілмек. Және бүгін Талдықорғандағы жақындары мен достары Карина Дарохинаның денесін жер қойнына тапсырды.