Bugin

ҚР басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Астана қаласы, Ұлытау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында бұрқасын болуы мүмкін.

Павлодар, Ақмола, Абай облыстарында боран соғады, Маңғыстау облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болса, Алматы облысында көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығы, батысы, оңтүстігінде түнде, күндіз солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын болып, тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең бұрқасын болады, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.

Түркістан облысының таулы аудандарында қар мен жаңбыр жауады.

Шымкентте түнде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында түнде қалың қар жауады, солтүстігі мен шығысында боран соғады. Оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.

Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі, күндіз көктайғақ болады.