БІЛІМ

"Өзін үш рет атқан": Заманбек Нұрқаділов туралы деректер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Заманбек Нұрқаділов пен "Ақ жолды" құрушылардың бірі Алтынбек Сәрсенбаев. Дереккөз: Vox Populi

Заманбек Нұрқаділов 1944 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Бүгін тірі болғанда, 80 жасқа толар еді. Bugin.kz тілшісі танымал саясаткер туралы деректерді назарларыңызға ұсынады.

- Заманбектің әкесі соғыста қаза тапқан. Оны анасы тәрбиелеп өсірген. Балалық шағын ол "кедей және жартылай аш өтті" деп сипаттаған; 

- Институтты қызыл дипломмен бітірген;

- Құрылыста қызмет жолын қатардағы шеберден бастап, СМУ бастығы қызметіне дейін көтеріледі;

- Нұрқаділов 2004 жылы 11 наурызда баспасөз конференциясын өткізіп, Назарбаевқа қатысты даулы мәлімдеме жасады. Ол Назарбаевты жемқорлық, билікті асыра пайдаланды, монархия орнатты деп айыптады. Хат соңында Заманбек Нұрқаділов Назарбаевты биліктен кетуге шақырған;

- Алматы полициясына 2005 жылғы 12 қарашада жедел жәрдем тобы Заманбек Нұрқаділовтің  үйінде оқыс оқиға болғаны хабарлайды. Сол кезге тұспа-тұс үй күзетшісіне де сондай хабар айтылады. Марқұмның денесін қарағанда, 3 оқ жарақаты байқалған.1998 жылы Ішкі істер министрлігі Нұрқаділовке "кобальт" маркалы тапанша берген екен. Жанынан сол табылады. Тергеу қорытындысында Заманбек Нұрқаділовті жүрегі мен басына атылған оқтан мерт болғаны анықталады. "Ол өзіне өзі қол салған" деген ресми тұжырым жасаған;

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрқаділовтің 80 жылдық мерейтойында берілген аста оған арнап ескерткіш орнататыны туралы шешімін көпшілікке мәлім етті.