Bugin

Джо Байден Нұрлан имамды Америкаға не себепті шақырғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Танымал имам Нұрлан Байжігітов АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуге баратыны туралы жаңалығымен бөлісті.

"Жыл сайын АҚШ басшысы Джо Байден және оған дейінгі барлық президенттер әр мемлекеттен таңдаулы адамдарды қайырымдылық асына  шақырады. Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын, осы жолы біздің елден мені таңдады. Біз бұл сапарды мемлекетіміздің мүддесін, Президеньіміз жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сонымен қатар руханиятымызды кеңінен паш етіп, қазақ тарихының кең екенін көрсетуді көздеп отырмыз", – деді имам. 

Нұрлан имам АҚШ-та бір апта болады. Ол АҚШ президенті ұйымдастыратын үш шараға да қатысатынын айтты.