Bugin

The Best-2023: Месси – жылдың үздік ойыншысы, Гвардиола – үздік бапкер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: FIFA

15 қаңтарда Лондонда ФИФА бірқатар номинациялар бойынша 2023 жылдың үздіктерін марапаттады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Аргентина құрамасының және "Интер Майами" клубының шабуылшысы Лионель Месси күтпеген жерден жылдың үздік ойыншысы атанды. 35 жастағы ойыншы жүлде үшін күресте Эрлинг Холланд ("Манчестер Сити"/Норвегия) мен Килиан Мбаппені ("ПСЖ"/Франция) басып озды.

Барлық номинациялар бойынша жеңімпаздар:

Үздік ойыншы – Лионель Месси (ПСЖ, Интер Майами/Аргентина);

Үздік әйел ойыншы — Айтана Бонмати (Барселона/Испания)

Үздік бапкер – Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити" / Испания);

Үздік әйелдер бапкері – Сарина Вигман (Англия құрамасы)

Үздік қақпашы – Эдерсон ("Манчестер Сити" / Бразилия);

Үздік әйел қақпашы - Мари Эрпс (Манчестер Юнайтед / Англия)

Ең әдемі голдың авторы - Гильермо Мадруга ("Ботафого" / Бразилия);

Fair Play жүлдесі - Бразилия құрамасы

 "Үздік жанкүйер" — Уго Даниэль ("Колон Санта Фе" / Аргентина)

Символдық команда 3-3-4 схемасында пайда болды:

Қақпашы: Тибо Куртуа ("Реал" / Бельгия);

Қорғаушылар: Кайл Уокер ("Манчестер Сити" / Англия), Джон Стоунз ("Манчестер Сити" / Англия), Рубен Диас ("Манчестер Сити" / Португалия);

Жартылай қорғаушылар: Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити" / Бельгия), Бернарду Силва ("Манчестер Сити" / Португалия), Джуд Беллингем ("Боруссия Д", "Реал" / Англия);

Шабуылшылар: Килиан Мбаппе ("ПСЖ"/Франция), Винисиус Жуниор ("Реал"/Бразилия), Эрлинг Холланд ("Манчестер Сити"/Норвегия), Лионель Месси ("ПСЖ", "Интер Майами"/Аргентина).