Bugin

Шымкентте 80 жастағы әже бағалы заттар бар сөмкесін таксиде ұмытып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Түркістан облысының қарт тұрғыны ақшасы бар сөмкесін жоғалғанын білмеген.  Кейін қайда қалдырғанын есіне түрсірген әже Тұран аудандық бөлімшесінің учаскелік полициясына көмек сұрап жүгінген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әже полицейлерге жоғалған сөмкеде жеке заттары мен 60 мың теңге болғанын, таксиде ұмытып кетуі мүмкін екенін айтқан.

"Полиция дереу іздеуге кірісті. Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен көлік жүргізушісі жарты сағаттың ішінде табылды. Жүк барлық заттарымен иесіне қайтарылды. Әйел өз кезегінде полиция қызметкерлеріне жедел жұмыс жасағаны үшін шынайы алғысын білдірді", деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.