Bugin

Заманбек Нұрқаділовтың ісі қайта қаралатыны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президенттің белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің асына көңіл білдіріп, арнайы хат жолдауы қоғамда Назарбаевқа берілген соққы ретінде атала бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.

Ринат Зайытов саяси қайраткерге құрмет көрсетудің соққы болған, болмағанын Нұрсұлтан Әбішұлының өзі айтуы керек екенін ескертті.

"Бірақ Заманбек Қалабайұлын тұлға ретінде қоғамға шығару – біздің міндетіміз. Өйткені ол мемлекет пен ұлттың пайдасына аз еңбек істеген жоқ. Жалпы ұлтқа деген жанашырлығы Алматы қаласын басқарып тұрған кезде мәдениет адамдарына баспана беру мен және халыққа жер үлестірумен білінді. Ешкімге жалтақтамай қызмет атқарған азамат ел есінде өзін-өзі үш рет атқан адам ретінде емес, ұлт пен мемлекет жолында құрбан болған тұлға ретінде қалу керек", – деді ол.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи де әріптесінің пікірін қолдайды. Нақтырақ айтсақ ол бас прокуратурадан нақты іс күтетінін жасырмады.

"Осы президенттің бастамасынан кейін тиісті мемлекеттік органдар өздері сезінуі керек деп ойлаймын. Президент ишарасын жасады, ал енді әрқайсын түртіп «Сен ананы істе, мынаны істе» деп жүруі міндет емес. Бас прокуратура президенттің бастамасынан кейін өз инициативасымен, мүмкін президент әкімшілігімен келісетін шығар, бірақ осы іске қозғау салу керек", – деді ол.