Bugin

Жер сілкінісінен үш адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жер сілкінісі салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

23 қаңтарда (Пекин уақытымен) сағат 02:09-да Ақсу уезінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Дүмпу ошағы 22 км тереңдікте болған.

Сейсмикалық аймақтан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының мәліметі бойынша, сейсенбі күні елдің бұл аймағында магнитудасы әртүрлі дүмпулер тіркелген. Олардың ішіндегі ең күштісі магнитудасы 5,3 болатын дүмпу болды.