Bugin

Дүкендегі өрттен 39 адам мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қытайдың Синьюй қаласындағы көше дүкенінде өрт шықты. Өрттен 39 адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жараланды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайларды жою және өртке қарсы күрес басқармасының жергілікті штабының хабарлауынша, өрт Синьюй қаласының Юшуй ауданындағы Тяньгуннан даңғылындағы көше дүкенінің бірінші жерасты қабатында болған.

Құтқару операциясы сағат 20:50-де аяқталды. Дүкенде қалған барлық адам құтқарылды. Зардап шеккендердің арасында сегіз адамның жағдайы тұрақты. Бір адамның жағдайы ауыр.

Қытай Халық Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері құтқару жұмыстары мен өрт салдарын жою жұмыстарын бақылау үшін дереу Синьюй қаласына жетті.

Қазір оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.