Bugin

“Танысым да, туысым да емес": Дина Төлепберген "Астарлы ақиқаттың" жаңа жүргізушісін жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. әлеуметтік желіден

Көрермен көзайымына айналған "Астарлы ақиқат" бағдарламасының жаңа жүгізушісі белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Дина Төлепберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "Астарлы ақиқаттың" жаңа жүргізушісі Бердімұрат Хасенұлы екенін мәлімдеді.

“Танысым да, туысым да емес. Мен үшін бастысы – талап пен тер. Есіңізде болсын, адал еңбек ескерусіз қалмайды! Кезінде "поледегі" қарапайым журналистен прайм-таймдағы бас бағдарламаның жүргізуші, продюсеріне дейін көтерілген менің жолым – соған дәлел. Ізбасарым 6 жылдан астам бағдарлама сарапшысы болды. Бұған өзіңіз куәсіз", – деді Дина Төлепберген.

Экс-жүргізуші Бердімұрат Хасенұлының заңгер екенін айта кетті.

“Менің ойымша, телевизияға эволюция мен революция керек. Ол үшін белгілі бір сала мамандарының ("узкий спецалист") жүргізуші болғаны жөн. Ал Бердімұрат – заңгер. Есесіне, заңды тұрғыдан, адами ақылмен, әке, күйеу көзқарасымен Отанға, отбасыларға оң жағдай жасайды деп білемін… Ал Бердімұрат, артылған үмітті сөндірме, елдің барын баптап, жоғын жоқтайтын жан болғайсың!” – сәттілік тілеп жазды журналист.