Bugin

"Ауруды да байқамаппын": Қазақстандық айтыскерге ота жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скрин

Қазақстандық айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Түркияда ота жасалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы ақын Instagram парақшасында жазба жариялаған.

"Елдер арықта деп келемеждеп, мысқылдап, сыртымнан күліп жүргенде асқазанымда ауру барын да байқамай қалыппын! "Артық салмақтың шешімін табамыз, алдын аламыз, Стамбулға кел" деп шақырған аға-апаларыма (ред.) мың алғыс! Жалпы асқазаныма 2 ота жасалды. Қазіргі таңда жағдайым жақсы", - деп жазды айтыскер қыз.

Ол саулығын тілеген оқырмандарына да алғысын айтты.

Айтыскердің видеосын толығырақ осы жерден көре аласыздар.