Bugin

Алматыда тағы да жер сілкінісі болды

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді. Бұл жолы жер дүмпулері таңға жуық болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz-ке сілтеп.

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында болған сілкініс сағат 03:03 кезінде тіркелген. Афтершок Алматы халқына сезілмеді.

Зілзаланың энергетикалық санаты –10.5. MPV магнитудасы – 4.5 болса, тереңдігі – 10 шақырым.

Екіншісі тербеліс таңғы 04:27 кезінде Қытай аумағында тіркелді. MPV магнитудасы – 5.8, тереңдігі – 10 шақырым болған сілкініс 293 шақырымдағы Алматыға 2 балл көлемінде сезілді.  

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kyrtag.kg